Жаңа Қаулы: Автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылсын

Жаңа Қаулы: Автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылсын

Шымкент аумағында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу іс-шараларын күшейту және карантин режимін ұзарту туралы қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Түлебаевтың жаңа Қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жаңа Қаулығы сәйкес:

  • Адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын («ауыз ашар», еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелсін;
  • Банкет залдары мен мектеп асханаларының жұмысына тыйым салынсын;
  • Саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысы қалыпты режимде жүргізілсін;
  • Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылсын;

Жаңа Қаулыда жоғарыда аталған шектеу шаралары 2021 жылдың 20 сәуірінен, яғни бүгіннен бастап күшіне енсін делінген.

Қаулының толық мәтіні