Жаңа оқу жылында оқушылар қандай форматта оқиды?

Жаңа оқу жылында оқушылар қандай форматта оқиды?

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың 1 қыркүйекте мектепке баруы жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkenaqparat

– Жаңа оқу жылының қай форматта басталары санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен өзімізге байланысты. Егер халықтың басым көпшілігі вакцина салдырса, барлық санитариялық талап пен шектеуді сақтасақ, қыркүйектен бастап білім мекемелері ашылады деп ойлаймын, - деді министр.

Сонымен бірге министр балалар мектепті, достары мен ұстаздарын сағынғанын атап өтті.

– Мектептерін сағынды, педагогтер де тезірек дәстүрлі форматқа оралғысы келеді. Жалпы, бәріміз дәстүрлі форматқа оралғымыз келеді.

Бірақ бәрі өзімізге, қоғамға байланысты. Қазіргі вакцинация қарқыны жаңа оқу жылында мектептер ашылып, дәстүрлі форматқа оралуға әсер етеді деп үміттенемін, - деді А.Аймағанбетов.

Фото: Тұрар Қазанғапов