Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингте Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев жаңа оқу жылында оқушылардың қай форматта білім алатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бас санитариялық дәрігердің сөзінше, коронавирус инфекциясы жасарып барады. Өткен тәулікте тіркелген 565 науқастың 100-і 18 жасқа толмаған балалар.
–1 қыркүйекте мектеп оқушыларыоффлайн режимінде сабақ оқиды. Ол үшін қазір СЭС мамандары мектептерде зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Білім ұяларында міндетті түрде «Ashyq» бағдарламасы орнатылып, оқушылар сыныпқа дене қызуы өлшеніп жіберіледі, -деді ол.
Брифинг барысында Ә.Төлебаев шілдеден жалғасып келе жатқан пандемия толқынының шарықтау шегі тамыздың 20-на дейін жалғасады деген болжам жасады.
–Індеттен құтылу үшін тұрғындардың 70-75 пайызы вакциналануы керек. Әзірге шымкенттіктердің 35 пайызы ғана вакциналанған, - деді қаланың Бас санитариялық дәрігері.
Сонымен бірге ол 12 жастан асқан балаларға да екпесалынуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады.