Жаңа тұрғылықты жерге онлайн тіркелуге болады

Жаңа тұрғылықты жерге онлайн тіркелуге болады

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалының мамандары тұрғындарға жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары туралы айтты.

Бұл қызметті енді онлайн форматта 20 минутта рәсімдеуге болады, тіркеу үшін мемлекеттік баж алынбайды.

Филиалдың баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, қызметті 2 жолмен алуға болады.

Біріншісі, еgov.kz порталы арқылы. Ол үшін ЭЦҚ болу қажет немесе SMS құпиясөз арқылы. ол үшін азамат мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Егер азамат жаңа мекенжайға тіркелгісі келсе, еgov.kz порталыарқылы өтініш береді. Меншік иесі өзінің электронды-цифрлық қолтаңбасымен өтініш берушінің өтінішін растайды. Өтінімді өңдеу және мақұлдау бірнеше минутты алады.

Екіншісі, ол үшін меншік иесімен өтініш беруші ХҚО-ға жүгінуі қажет және онлайн кезекті алдын ала брондау керек.

Жыл басынан бері қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 16 мыңнан астам шымкенттік тұрақты тіркеуге тұрған.