ЖАҢА ЖОЛДАУ – ӘСКЕР ӨМІРІНЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕДІ.
Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауы өзінің маңыздылығымен ерекшеленді. Шынында да жыл сайын Мемлекет басшысынан нақты міндеттер мен тапсырмалар күтеміз. Бұл жолы да қазақ жұртының Жолдауды үлкен үмітпен күткені рас. Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың осы жылғы жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Жолдауда Қазақстанның жаңа дәуірдегі даму жолдары айқындалуы тиіс еді. Солай болды да! Мемлекет басшысының осы жолғы жолдауындағы жаңа экономикалық бағыттарының мазмұны мен сипаты көптің көңілінен шықты деп ойлаймын.
Мен үшін осы жылғы Жолдау – ел дамуындағы негізгі бағыттарды айқындап бергендей. Әрине, Жолдауда саяси, экономикалық, әлеуметтік тараппен қатар әскер қатарындағы заң мен тәртіптің сақталуына да көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуы тиіс. Қарулы күштер басқа да күштік құрлымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылығы жауапты» – деді.
Қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің өзгергенін ескеріп: «Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал, әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек»,– деді Президент
Осы орайда біздің Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскерлерінің алдында зор міндеттер тұр. Ең бастысы мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қала көшелеріндегі заң мен тәртіпті сақтау жолында жауынгерлік әзірлікті одан әрі күшейте түсуіміз қажет. Ол үшін Ұлттық ұлан әскерлерінің әр әскери қызметшісі өзінің жеке жауапкершілігін арттырып, кәсіби шеберлігін пысықтап, әскери өмірде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды естен шығармағаны жөн.
Әрине, Қазақстанның ішкі тыныштығы жолында қызмет атқарып жүрген біздер де еліміздің саяси-экономикалық ахуалына бей-жай қарай алмаймыз. Біз Президентіміз жолдауында көрсеткен әр бір тапсырманың орындалуы үшін қажымай қызмет атқарамыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
6506 әскери бөлім командирі
полковник Марат РАХПАНОВ