Жағдай жақсаратын емес – Президент

Жағдай жақсаратын емес – Президент

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қатысуымен елдегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі

Ақорданың баспасөз қызметі twitter парақшасында отырыстың мәтіндік трансляциясын жүргізуде.

Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиилық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі, - деді Президент отырыста.

Мемлекет басшысы өңірлердің басым бөлігі «қызыл» аймақта екенін, сондықтан шұғыл іс-шаралар қолдану керектігін айтты.

Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет, - деді Тоқаев.