​ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАС» ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

​ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАС» ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Жастар қоғамның ең белсенді мүшелері. Қазіргі таңда әлемге жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Елімізде жастарға үнемі көңіл бөлініп, бастамаларына қолдау жасалып келеді. Жастарымыз қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, өздерінің білімі мен біліктіліктерін көрсетуде. Қала жастарымен бірлесіп, олардың идеялары мен жаңашыл жобаларына қолдау көрсетіп келе жатқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» тағы бір іс-шараның ұйытқысы болды. Жастардың ұйымдастыруымен Арбат демалыс орнында “Жарқын болашаққа қадам бас” атты концерттік бағдарлама өтті.

Шараның басты мақсаты – жастарды жігерлендіріп, болашаққа деген сенімді арттыру, сондай-ақ мемлекет басшысының халыққа жолдауын түсіндіру болды.

Кеш барысында арнайы шақырылған қонақтар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің PhD докторы Нұрсұлтан Файз және сертификатталған бизнес-жаттықтырушы, коуч Қанат Абильдабеков жастарға президент жолдауын түсіндіріп, ондағы басты бағыттар мен мақсаттарды талқылап өтті. Сарапшылар жолдаудағы маңызды экономикалық және әлеуметтік реформаларды талдап, 6 қазан күні өтетін Референдумда жастардың даусы маңызды екенін түсіндірді.

Концерттік бағдарлама барысында танымал эстрадалық әнші Астана Қарғабай мен дарынды орындаушы Кәусар Бекбосын өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Олардың орындауындағы әсем әндер шараның сәнін келтіріп, кештің шырайын ашты.

Шараға қатысқан жастар ел болашағы туралы өз ойларымен бөлісіп, белсенді түрде талқылауға қатысты. Кештің соңында қатысушылар мен қонақтар өзара пікір алмасып, караоке форматында ән шырқады.

“Жарқын болашаққа қадам бас” атты концерттік бағдарлама алдағы уақытта да жастардың ел дамуына қосар үлесін арттырып, олардың бойындағы патриоттық сезімді күшейтуге бағытталған шаралардың бірі болмақ.

«Шымкент келбеті»