Жас "Ордабасы" оқ бойы озық

Жас "Ордабасы" оқ бойы озық

Түркістанда 2012-2013 жылғы жасөспірімдер арасында «Turkistan Cup» атты республикалық жарыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жарыс барысында финалға шыққан Шымкент қаласының «Ордабасы» ФО-ның жас футболшылары республикалық турнирдің жеңімпазы атанды. Олар финалда «Оңтүстік» академиясымен кездесіп, қарсыластарын 3:1 есебімен жеңді.

Республикалық турнирдің соңында тартысты жарыста ерекше көзге түскен ойыншылар анықталып, марапатталды. Атап айтсақ, турнирдегі үздік қақпашы - Амангелді Расул, үздік шабуылшы Тәңіржан Егелиев те «Ордабасы» командасынан болды. Турнирде топ жарған жеңімпаздарды Жасұлан Серікұлы жаттықтырды.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасында республикалық дәрежеде турнир өткізудегі мақсат - болашақта ел намысын қорғайтын, шыңдалған нағыз футболшылар дайындау.