​ЖАС САРБАЗДАР ПОЭЗИЯ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ

​ЖАС САРБАЗДАР ПОЭЗИЯ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің борышын өтеуші сарбаздарына психо-поэзиялық кеш өтті.

Жастардың шығармашылығын дамыту, қоғамдық орында еркіндікті, поэзия жанры арқылы көркем тілге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Игі іс бос уақытты тиімді пайдалануға да үндейді.

Шара барысында Жастар ресурстық орталығының психологы Жібек Сайдахан сарбаздарға арналған семинар-тренинг өткізіп, бірнеше сергіту сәтінің ойындары ойнатты. Сондай-ақ, арнайы шақыртумен келген психолог,оратор Марал Жұмагелдіқызы поэма оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жас сарбаздар да қалыс қалмай, өлең шумақтары және жырдан шашу шашты. Шығармашылық кештің соңында сарбаздар мен психологтар арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Шымкент келбеті