Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өтті

Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өтті

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласы полиция департаментініңювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар және жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөліміне сәйкес (Кәмлетке толмағандардыңзаңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген болуы) түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Рейдтік шара аясында полицейлер жасөспірімдер жиналатын орындар, ойын-сауық мекемелері, көңіл көтеретін аумақтарды аралады. Аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі ойын-сауық орталықтарындаәкімшілік хаттама толтырып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!