Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Индустриалды-техникалық колледжінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері Меруерт Құттыбай, Шымкент қаласы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Мұқаммедқасым Оспанов, Тұран аудандық прокурор Рустам Тилеубаев және Тұран аудандық полиция майоры Жандос Иргебаев қатысты.
Іс-шара барысында жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, алаяқтық және құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша кеңестер беріліп, тәжірибелі мамандар нақты мысалдармен құқықтық жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды.