​Жеке куәліктің электронды нұсқасы жарамды болады

​Жеке куәліктің электронды нұсқасы жарамды болады

26 сәуірден бастап қазақстандықтар нотариалдық қызметтер кезінде электронды жеке куәліктерді қолдана алады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы ҚР әділет Вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлімдеді.

–Бір апта ішінде «E- нотариат» және eGov mobile ақпараттық жүйелерін интеграциялау аяқталады. Одан соң азаматтар электронды жеке куәліктерді қолдана алады, - деді Вице-министр өткен брифингте.

Айта кетейік, электрондық жеке куәлік eGov mobile қосымшасында қолжетімді болады. Оны алу үшін ЭЦҚ болу керек және eGov порталында ұялы телефон нөмірін тіркеу қажет.