​Жұмысынан айырылғандарға жәрдемақы алуға болады

​Жұмысынан айырылғандарға жәрдемақы алуға болады

Жұмысынан айырылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды. Сол жәрдемақыны рәсімдеудің жолы бар, деп хабарлайды Shymkentaqparat

eGov.kz порталы арқылы «Қызметтің атауы» – «Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау»;

–ХҚО арқылы;

–Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Жәрдемақыны рәсімдеуге қажет құжаттар:

–Жеке куәлік;

–Жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

–Төлем аударылатын банк шотының нөмірі туралы құжат.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкенттегі ХҚО арқылы 2 091 жәрдемақы тағайындалды.

Анықтама: Қалалық ХҚО-лар алдын ала брондау бойынша жұмыс істейді.


Фото: ашық дереккөз