​ЖОСПАРЛАНҒАН 38 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

​ЖОСПАРЛАНҒАН 38 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 % қамтылған.

Сонымен қатар, тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру, сапалы жол салу және аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелерді де қамту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Нақтырақ айтар болсақ, 38 көшеге (13 шақырым) асфальт, 58 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол және 20 көшеге ирригациялық жүйелер салынады. 427 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріліп, ағымдағы жөндеу жүргізілмек.

Қазір қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биыл 38 көшеге асфальт жол төсеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары басталып та кетті. Атап айтар болсақ, Ескі қала ш/а және Сәуле ш/а 276 орамдағы ішкі көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.