Жыл басынан бері 2 800 маман жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 2 800 маман жұмыспен қамтылды

Шымкентте жұмыспен қамту орталығы 2 805 адамды қоғамдық жұмысқа жұмылдырып, межеленген жоспарды артығымен орындап отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қалада қоғамдық жұмыс арқылы уақытша жұмысқа орналасқан жас маманның бірі – Жұлдызай Жамал. Ол өткен жылы жоғары оқу орнын «Бастауыш сынып оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған болатын. Жас түлек қаладағы жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркеліп, көп ұзамай «Жастар практикасы» бойынша №15 Д. Менделеев атындағы мектеп-лицейінежолданды. Бағдарлама мерзімі осы жылдың ақпан айында аяқталып, осы мектеп-лицейіне «Қоғамдық көмекші» ретінде жұмысқа тартылды.

Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін көріп келемін. Оқу бітірген соң мамандығым бойынша «Жастар пратикасы» одан соң қазір «қоғамдық көмекші» ретінде уақытша жұмысқа орналастым. Жинаған тәжірибенің арқасында алдағы уақытта тұрақты жұмыс табатыныма сенімдімін» - дейді 23 жастағы бағдарлама қатысушысы.

Айта кетсек, осы бағытта жұмысқа орналасуға әлеуметтік төлем алмайтын, жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Сонымен бірге денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу үдерісін бұзбайтын жұмыстарға жазғы демалыс кезінде студенттер мен мектептің жоғары сынып оқушылары жұмысқа орналасуға құқылы.

Айта кетсек, биыл жоспар бойынша 2 474 адам осы бағытта жұмыспен қамту көзделіп, жоспар артығымен орындалғандықтан жолдама беру уақытша тоқтатылған.