Шымкентте «Жастар практикасы» бағдарламасы 29 жасқа дейінгі 600-ге жуық азамат жұмысқа жолданған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жұмыспен қамту орталығы осы жылы аталған бағдарлама аясында 2500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Әуелі жастарды бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін 6 айға жолданады. Әрмен қарай екі жақтың келісімімен маман тұрақты жұмыс орналасуына болады.
Осы бағдарлама арқылы жұмыспен қамтылған маманға 25 АЕК көлемінде еңбекақы төленеді
Өткен жылы Шымкентте аталған бағдарламамен 2 953 жас түрлі жұмыс орындарына жолданып, солардың 600-ге жуығы бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылған. Айта кетерлігі, бастардың басым бөлігі мемлекеттік мекемелерді таңдаған.