1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат берілді

1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат берілді

1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, 1 наурыздан бастап ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 9 қаулысына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді.

Білім беру процесінің барлық қатысушылары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы тиіс. Мектеп басшылары балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен педагогтер жеке гигиена ережелерін және санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтайды.

Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етіледі. Ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.

1 наурыздан бастап сабақтан тыс уақытта білімдегі олқылықтарды толықтыру үшін оқушыларды жеке оқыту 15 адамнан аспайтын топтарда мүмкін болады. Бұл жағдай әлі де қашықтан оқытуда қалып отырған 6-8, 10 сыныптарға қатысты. Бұл міндетті емес, мұғалімдердің шешімі мен оқушылардың ата-аналарының келісімі бойынша іске асырылады.

Балалардың жекелеген санаттарының тамақтануы, тұруы, тасымалдануы өңірлердің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерімен келісіліп қамтамасыз етіледі.