1 ақпаннан бастап автобуспен қандай жағдайда тегін жүре аласыз?

1 ақпаннан бастап автобуспен қандай жағдайда тегін жүре аласыз?

Шымкент қаласының тұрғындары ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап TOLEM валидаторы істен шыққан қоғамдық көлікте ТЕГІН қатынауға құқылы, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, соңғы уақытта жекелеген маршруттардағы кондукторлар тарапынан валидаторларды өшіру фактілері орын алуда. Аталған заңсыздықты жою мақсатында тиісті басқарма осындай қадамға барған.

Естеріңізге салайық, Шымкент қаласына TOLEM жүйесі 2020 жылдың 15 қазаннан бастап енгізілді. Тұрғындар TOLEM картасымен 70 теңге, ал қолма-қол жолақысына 100 теңге төлейді.