1 ақпаннан бері 719 қазақстандық вирусқа қарсы екпе алды – Тимур Мұратов

1 ақпаннан бері 719 қазақстандық вирусқа қарсы екпе алды – Тимур Мұратов

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда. 1 ақпаннан бастап бүгінге дейін 719 адам (78%-дан артық) вирусқа қарсы екпе алды. Бірінші кезеңге кіретін вирусты жұқтырып алу қаупі бар топтарға жататын медицина қызметкерлері, олар – жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалық ауруханалардың қабылдау бөлімдерінің қызметкерлері вирусқа қарсы екпе алып жатыр. Вакцинация ерікті түрде жасалатынын баса айтқым келеді, - деді ол.

Айта кетейік, тұрақты профилактикалық егулерге және уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды. Сондай-ақ, коронавирустың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар да екпе алуға жатпайды. Жұқпалы ауруы бар науқаспен, оның ішінде коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғанша, вакцина алмайды.