Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Сүйінші жаңалықты Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
- Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды,-деп жазды палата төрағасының орынбасары.
Оның сөзінше, билығы жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі.
Жасыл аймақта:
1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр);
2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30% ғана толтыра отырып);
3) бильярд қызметіне;
4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;
5) цирктарға.
Сары аймақта:
Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.
АШЫҚ қосымшасы:
1) боулинг қызметі;
2) компьютер клубтарының қызметі;
3) фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рқсат етілді.
- Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар, - деп жазды палата өкілі.