15 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге

15 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге

«TOLEM» картасы жоқ студенттер мен оқушылар қолма–қол 100 теңге төлейді деген шешім 15-ші сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы tolemcard.kz ресми парақшасында жарияланды.

Оқушылар мен студенттерге арналған карталардың толық қамтамасыз етіліп үлгермеуіне байланысты қолма-қол жол ақысы бағасының қымбаттауы 15 сәуірге дейін шегеріледі.

Осы ретте, оқушылар мен студенттерден #ТӨЛЕМ картасына өтінім жіберуді және жеке мәліметтің дұрыс әрі толық жолданғанына көз жеткізуді сұраймыз,
- делінген ресми ақпаратта.

TOLEM картасын бірнеше жолмен алуға болады:

- Телеграм Бот (@TolemCardRegisterBot) жүйесінде арыз қалдыру;

- Әл-Фараби алаңы #9 мекенжайында орналасқан TOLEM-нің фронт офисіне барып арыз қалдыру.

Ал қоғамдық көлікте валидатор істемей тұрғанын немесе кондуктордың TOLEM картасы бола тұра қолма-қол ақша төлеуін өтінген жағдайға тап болсаңыз 109 нөміріне хабар беріңіз. Қоңырау шалу ТЕГІН.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге сараланған тарифтің енуіне орай 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттердің өз тарифтеріне байланысты «TOLEM» карталары болмаған жағдайда 35/50 теңге орнына 100 теңге төлеуі керек болатын.