2021: ​Шымкентте алғашқы үшем дүниеге келді

2021: ​Шымкентте алғашқы үшем дүниеге келді

Шымкент қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Биылғы жылдың алғашқы үшемдері анасымен бірге бүгін перзентханадан шықты.

28 жастағы Айткүл есімді қала тұрғыны біраздан бері ұл сүюді армандап жүрген еді. Арманы орындалып, өмірге бірден шекесі торсықтай үш ұлды әкелді.

Айта кетейік, туған сәтте үшемнің салмағы 1 570 гр, 1 610 гр, 1 820 грамм болған екен. Қазіргі күні Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл есімді балақайлар салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер екі аптаға жуық қалалық перинаталдық орталықтағы мамандардың бақылауында болды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен дәрігерлер жаңа туған нәрестелерге сыйлық табыстап, перзентханадан салтанатпен шығарып салды.

Бұл үш сәби – биылғы жылдың алғашқы үшемдері. Жыл басынан бері қалада 3 753 сәби дүниеге келсе, олардың басым бөлігі ұлдар.