2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
– 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғарылайды деп жоспарлануда. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген: 2021 жылы – 222 млрд. теңге, 2022 жылы – 362 млрд. теңге, 2023 жылы - 557 млрд. теңге. Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. Ал 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге болса, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді, - деді Алексей Цой.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеруді міндеттеген еді. Енді сала мамандары оны қолға алып, 2023 жылға қарай медицина қызметкерінің жалақысын 2,5 есеге өсетінін айтты.