Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында қазақстандық QazCOVID-in вакцинасының клиникалық зерттеулері бойынша бірінші және екінші фазасы жүріп жатқынғы айтылды. Ал аталған вакцинаның үшінші кезеңі бойынша клиникалық зерттеу өткен жылдың 25 желтоқсанында басталған.
Айта кетейік, 11 қаңтарда QazCOVID-in вакцинасы 3 мыңнан аса еркітіге салынды.
Сонымен бірге спикер коронавирусқа қарсы «Спутник V» ресейлік вакцинасы ақпан айының соңына қарай қолжетімді болуы мүмкін екендігін айтты.
–«Спутник V» бойынша тәжірибелік партия әзірленді. Бұл партия технологиялық процеске сәйкес, Ресейдегі Гамалея институтының бақылауына жіберілді. Бақылау әлі жүріп жатыр. Оның бақылауы мен сапасына рұқсат беретін нормативтік құжаттарға сәйкес, бір ай жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін нәтижелері әлі келген жоқ. Вакцинациялау мүмкіндігі бойынша, егер оң нәтиже байқалса, Қарағанды фармацевтикалық кешені шығарады. Ақпан айының соңында вакциналауға арналған вакциналар партиясы болады деп үміттенеміз, - деді Нұрлыбек Асылбеков.
Фото: ашық дереккөз