30 наурыздан бастап тағы 5 800 шақырым жол ақылы болады, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Аtameken Business-ке сілтеме жасап
Жолаушылар жалпы саны 13 сапалы тасжолмен жүріп өту үшін ақы төлейтін болады.
Атап айтқанда, Шымкент – Ташкент, Қапшағай – Талдықорған, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Павлодар – Омбы, Атырау – Ақтау және тағы 4 автожол ақылы болмақ. Ал учаскелерден түскен қаржы ағымдағы жөндеу жұмыстарына, жолдарды күтіп ұстауға және инвесторларға төлем жасауға жұмсалады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің болжамынша, биыл ақылы жолдардан ел бюджетіне 26 млрд.теңгеге жуық пайда түседі.