40 тонна қызанақ жиналды

40 тонна қызанақ жиналды

Шымкентте азық-түлік белдеуін қалыптастыру және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Соның бір бағыты биыл қалада 2 бірдей жаңа өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылды.

Қаратау ауданындағы «Agropark Kz» жылыжай кешені 5,2 гектар аумаққа орналасқан. Шілде айында жұмысын бастаған жобаның жалпы инвестиция құны 1 326,0 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 331,5 млн. теңгені мемлекеттен қолдау ретінде берілген.

Жылыжайда жылына 1 200 тонна көкөніс өнімін өндіру көзделген. Шілде айында қызанақ көшеті қондырылып, шаруалар қазір өнім жинау жұмысын атқаруда. Бүгінге дейін 40 тонна қызанақ жиналған. Бұл көкөніс бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа саудаланбақ.

Жуырда өз жұмысын бастағалы тұрған «Igm-Corporation» жылыжай кешені Еңбекші ауданында орналасқан. Шаруа қожалығы 4 гектар аумаққа қызанақ өсіруді жоспарлауда. Жобаға 1050,0 млрд. теңге инвестиция салынып, оның ішінде 262,4 млн. теңгесі мемлекеттік қолдау.

Аталған жылыжайда жылына 1 200 тонна қызанақ өндіру жоспарланған. Шаруалар өнімдерін қала нарығына шығарады.