Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұрсәт ықшамауданында салынып жатқан оқушылар сарайының құрылыс жұмыстарын тексерді.
Нысанның құрылысы былтыр басталған, бүгінгі күнге дейін 70%-ы орындалды.
Сарай сыйымдылығы 500 оқушыға лайықталған. 3 қабатты, 3 блоктан тұрады. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық, спорттық сауықтыру бағыты, үлкен және кіші бассейндер салынуда.
Тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істеп, 7-18 жас аралығындағы 2000 бала түрлі үйірмеге қатыса алады.
Спорт және сауықтыру бағыты:
- Үлкен және кіші бассейн
- Топтық сыныптар залы (харография)
- Үстел теннисі залы
- Жекпе-жек залы (күрес)
- Жекпе-жек залы (бокс)
- Фитнес зал
- Үстел ойындары залы (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ);
Ғылыми-техникалық бағыты:
- Практикалық физика кабинеті
- Практикалық химия кабинеті
- Биотехнология кабинеті
- Бағдарлама жасау кабинеті
- КИП и автоматика кабинеті
- Дизайн және 3D модельдеу кабинеті
- LEGO құрылысы кабинеті
- Әдістемелік кабинеті
- Ұшақты модельдеу кабинеті;
Гуманитарлық және жастар қозғалысы:
- Балалар қоғамдық ұйымы кабинеті
- Фото-бейне өңдеу студиясы
- Лингвистика кабинеті
- Медиа орталық
- Сөйлеуді дамыту кабинеті
- Сенсорлық бөлме
- Шешендік өнерді дамыту кабинеті
- Дебат клубы;
Көркемдік-эстетикалық және өлкетану бағытын:
- Сәндік-қолданбалы өнер кабинеті
- Балалар шығармашылығы кабинеті
- Дыбыс жазу студиясы
- Аспаптық студия (домбыра, гитара, скрипка)
- Вокал студиясы
- Бейнелеу өнері кабинеті
- Драматикалық театр үйірмесі
- Тарих-өлкетану кітапханасы
- Экология кабинеті
10.Керамика және қыш үйірмесі қарастырылған.
Қосымша 81 көлікке арналған көлік тұрағы мен 35 адамдық асханасы да бар.
Жобаны салудағы мақсат - оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде сабақ өткізуге, және педагогтардың, ата-аналар мен балалардың тәрбие саласындағы өзара іс-қимылына жағдай жасау, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту. Экологиялық таза және қауіпсіз құрылыс материалдарын пайдалана отырып, соңғы сәулет және интерьер тенденцияларын ескере отырып, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту. Жалпы білім беру мекемесінің кеңістігін қалыптастыруда шығармашылық көзқарасты жүзеге асыру.
Жоспарғай сәйкес нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамыз айында аяқталмақ.
Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс жұмыстарын шолып шығып, тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына нысанның мерзімінен кешіктірілмей сапалы орындалуын тапсырды.