Шымкентте «1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында 18-жасқа дейінгі ерекше күтімді қажет ететін балаларға бір реттік әлеуметтік төлем жүргізілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдеуінше, 6 000-нан астам мүмкіндігі шектеулі баланың әр біріне 14 585 теңге берілді.
Айта кетсек, бір реттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Мерекелік төлемді жүзеге асыруда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметтері негізге алынады.