Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы ерекше балаларға арналған жобаны қолға алды. Жоба аясында бүгін 700-ге жуық баланың тісіне түрлі ем шаралар жасалды. Соңғы үлгіде жабдықталған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар, ауыз қуысына диагностикалық тексерулер жүргізіліп, емдеу шаралары тағайындалды.
Дәрігерлер церебральды сал ауруы, аутизм сырқаттарға шалдыққан балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.
Стоматалогиялық кабинет дәрігерлері пациенттерді жергілікті емханалардың жолдамасы арқылы қабылдайды.