716 шымкенттікке арнаулы қызмет көрсетіледі

716 шымкенттікке арнаулы қызмет көрсетіледі

Шымкенттік Анвара Багаутдинова ІІ-топ мүгедектігі тыл ардагері. 90 жастағы әжей азық-түлік, дәрі-дәрмектерді әкелу және коммуналдық төлем жүргізу үшін әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне жүгінеді. Мұнан бөлек зейнеткердің үйін жинастыру мен пәтеріне күрделі жөндеу жүргізуге де әлеуметтік сала мамандары көмектесті.

Тыл еңбеккері қызмет көрсетушілерге алғысын білдіріп, жастарға ҰОС кезімен тұспа-тұс келген балалық шағын жиі айтып беріп отырады.

Қалада «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ тарапынан 716 азаматқа үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Қызмет алушылардың 391-і егде жаста болса, қалған 325-і І-ІІ топ мүгедек, психоневрологиялық аурулары бар азаматтар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар.