8 мыңнан аса баланың аяқтан тұруына көмектескен абзал жан

8 мыңнан аса баланың аяқтан тұруына көмектескен абзал жан

Травматолог Болат Нұсқабаев 8 мыңнан аса балаға күрделі ота жасаған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Болат Нұсқабаев – травматология-ортопедия бейіні бойынша туа біткен науқастарға және жарақаттанған балаларға күрделі ота жасайтын хирург. Өз ісін жетік меңгерген маман 30 жылға жуық медицина саласында қызмет атқарып келеді.

Ол – «Медицина саласының үздігі», «Алтын дәрігер», «Қазакстан Республикасының травматология-ортопедия саласына еңбегі сіңген» төс белгілерінің иегері. «Жыл дәрігері» атанған.

Білікті хирург төсекке таңылған балалардың аяққа тұрып кетуі үшін күрделі оталар жасап, оң нәтижеге қол жеткізген. Беделді травматолог-ортопед бүгінгі күнге дейін 8 000-дай балаға күрделі операция жасаған.

2011 жылы Литва мемлекетінде білім алып, оны өз тәжірбиесінде қолданысқа енгізген.

Ақ халатты абзал жан қазіргі таңда қалалық балалар клиникалық ауруханасының балалар ортопед-травматологы, травматология бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар ортопед - травматологы болып қызмет атқарады.