Шымкенттегі егістікке жарамды 38,9 мың гектар жердің 75,3% игерілді. Ол 29,3 мың гектарды құрайды.
Биыл 29,3 мың гектар алқаптан 85,4 мың тонна өнім алу жоспарланған. Бүгінгі таңда 80 мың тонна (93,7%) өнім жиналды.
Сонымен қатар, мегаполис балансында «Керемет сапа» ЖШС (14,8 га), «Д-Сабыр» ЖК (14 га), «Beiibarysfruits» ШҚ (6,5 га), «Altyn Tur» (7,8 га) ЖШС, «Алан и Компания» ЖШС (жалпы 45 га) сынды ірі шаруашылықтар бар.
Ал, қарқында алма бауының жалпы көлемі 264,2 га құрап отыр. 2021 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы дақылдарының экспорты 99,3 мың АҚШ долларды құраған. Оның ішінде Тәжікстан мен Өзбекстан елдеріне 30,4 тонна алма экспортталды. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығындарының белгілі бір бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады.
Мәселен, «Жылыжай кешенін салу және кеңейту» - 25%, «Тамшылатып суаруды құру және кеңейту» - 50%, минералды тыңайтқыштар -50%.