Тұран ауданында абаттандыру ісі алдағы күндері де жалғасады

Тұран ауданында абаттандыру ісі алдағы күндері де жалғасады

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы күндердің жұмыс жоспарымен бөліскен Тұран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Асылжан Дәулетханұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жан-жақты баяндады.

Бүгінгі таңда аудан аумағында 21 шағын ауданда 232,7 мың халық тұрады. Бұл қаладағы іргелі аудандардың бірі. Аудан тұрғындары ауызсумен, жарықпен 100 пайыз қамтылған. Табиғи газбен қамт ісі әзірге 85,7 пайызды құрап отыр. «Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу биылғы жылы жүзеге асатын болады» дейді спикер.

Оның айтуынша аудан аумағындағы көшелердің бәрі де бүгінде асфальттанған.

Абаттандыру ісі назардан түспейді. Былтыр көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына жалпы 406 ойын алаңшасы салынып, "Отырар", "Қазығұрт" шағын аудандарын абаттандыру ісі аяқталған.

Тұрғын үйлердің қасбетіне жарық шамдарын орнату, мурал суреттер салу ісі де толық аяқталып отыр.

Биыл «Айкөл», «Құрсай» шағынаудандарына табиғи газ құбырын тарту ісі жүзеге аспақ.

Гүлзарлар салу ісі Тұран ауданында биыл да жалғасады. Ескірген арық-атыздарды тазарту, қалпына келтіру ісі жаңдана түспек.

Спикер аудан аумағында жаңбырлы күндері су жиналу аймағы саналатын 5 орын барын, ол жерге жиналған суды дер кезінде сору ісі күн тәртібінен түспегенін айтты. Жалпы аудан аймағындағы былтыр тазалық жұмыстарына жұмылдыруға қолайлы арнайы 177 техника алынған екен.