Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған республикалық кеңес онлайн форматта өтті. Маңызды жиынға этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық құрылымдардың, Достық үйлерінің басшылары қатысып, елдің болашағына қатысты өзекті мәселелер ортаға салынды.
Кеңесті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ашып, жүргізді. Ол Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, жаңа Ата заңның қоғам сұранысына сай әзірленіп жатқанын атап өтті.
Онлайн кеңеске Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Сарғалдақов, қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Заңғарбек Үсіпахметов, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың жетекшілері қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын кеңінен талқылау және оның негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердің елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, сондай-ақ қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанына назар аударды. Кеңес қорытындысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жаңа Конституция тұрақты, қауіпсіз әрі гүлденген Қазақстанды қалыптастыруға берік негіз болатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол қоғам өкілдерін Конституция жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырып, әрбір ұсыныс пен пікірдің ел болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 21 қаңтарында құрамына 130 адам енген Конституциялық комиссия құрылды. Осы уақыт аралығында комиссия мүшелері Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі барлық ұсыныстарды мұқият зерделеп, Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтитын 77 бап бойынша түзетулерді қарастырды. Жұмыс нәтижесінде комиссия Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясын әзірлеуді қолдады.
Шымкент қаласы iшкi саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметі