9 заңсыз орналасқан дүңгіршек орнынан алынды

9 заңсыз орналасқан дүңгіршек орнынан алынды

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан аумағында 6 мобильдік топ кәсіпкерлік нысандарға рейд жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді. Кезекті тексеру барысында заңсыз орналасқан сауда дүңгіршектері анықталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жалпы аудан аумағында 127 дүңгіршек тіркелген. Олардың басым бөлігі Республика даңғылы, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, Қазыбек би, Төле би, Б.Момышұлы, Жангельдин және Түркістан көшелері бойында орналасқан.

Жыл басынан бері заңсыз орналасқан дүңгіршектерді орнынан алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Дегенмен, түсіндіру жұмыстарынан қорытынды шығармағандар да болды. Нәтижесінде 9 заңсыз орналасқан дүңгіршек орнынан алынды. Оның 4-еуін сотқа беру ісі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.