​900-ге жуық этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды

​900-ге жуық этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды

2021 жылдың басынан бері 877 адам тарихи отанына оралып, «қандас» мәртебесін алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жалпы 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 71,2 мың этникалық қазақ оралған.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан, ҚХР-дан, Түркіменстаннан, Моңғолиядан және басқа елдерден келгендер болып табылады.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында қоныстанды.

1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7%-ды, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендері 21,4%-ды және зейнеткерлер 19,8%-ды құрайды.