Шымкент қаласы Абай ауданының тазалығын қамтамасыз етіп отырған «ЛТД-тұрмыс» мекемесінде 131 қызметкері жұмыс істейді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Мекеме басшысының айтуынша, ауданындағы орталық көшелер, жаяу жүргіншілер жолы мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмысының көбі қол еңбегімен жүзеге асырылады. Оған 29 арнайы техика жұмылдырылған.
Сонымен бірге жұмыс жүйелі түрде жүру үшін қызметкерлер 11 секторға бөліп, аудан әкімдігі тарапынан қадағаланып отыр.