Ағымдағы жылы 48 нысан мемлекет мұқтаждығына қайтарылады

Ағымдағы жылы 48 нысан мемлекет мұқтаждығына қайтарылады

Биыл Шымкентте 48 нысанды мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл бағыт бойынша 3 402 жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару жоспарланған.

сатып алынатын жер телімінің иелері ешқандай зардап шекпейді. Себебі оларға қаражат нарықтағы бағамен төленеді. Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, бағалау кезінде құрылысқа қолданылған материалдар мен қол күші, ауладағы жеміс ағашы, бәрі есептеледі.

Айта кетсек, өткен жылы қала әкімдігі мемлекет мұқтаждығы үшін алынуы тиіс жер телімдерін сатып алуға 3,7 млрд теңге бөлген. Оған 443 жер телімі сатып алынды.

Ағымдағы жылы сатып алынатын жерлерге әлеуметтік нысандар, магистралдық және ішкі инженерлік жүйелердің құрылысын жүргізу жоспарланған.