Аймағанбетов: Педагогтар жұмысқа конкурс арқылы қабылданады

Аймағанбетов: Педагогтар жұмысқа конкурс арқылы қабылданады

2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұратындар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлімдеді.

- Енді 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі, - деді Асхат Қанатұлы.

Сондай-ақ, ол педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын атап өтті. Ол толығымен электрондық форматта жүреді.

Айта кетейік, кадрлар дайындау мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары күшейтілді. Педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді. Ал осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтарға төленетін стипендия 42 мың теңгеге дейін артты.