«Айтары бар ақынмен» кездесу кеші өтті

«Айтары бар ақынмен» кездесу кеші өтті

Бүгін Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ақын Фатима Жүнісованың «Айтары бар ақынның» атты кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Әдеби-сазды кештің шымылдығын қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Ақбота Керімбекова ашып берді.

Поэзиялық кеш аталған музейдің 20 жылдығына орай, «Ақындар күні» атты мәдени іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жас ақындардың шығармашылықтарын одан әрі шабыттандыру.

Жыл сайын дәстүрлі түрде қуғын-сүргінге ұшыраған зиялылардың ұрпақтарымен кездесу ұйымдастыратынбыз. Биылдан бастап жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылық кешін өткізуді қолға алдық. Бұл бастама жақсы үрдіске айналарына сенімдіміз, - деді музей директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева.

Мәдени шараға жергілікті өнерпаздар мен ақынның тұрақты оқырмандары қатысты. Сонымен бірге Ы.Алтынсарин атындағы №65-ші мектеп оқушылары Фатима Забурақызының «Бақыт тіледім», «Біреу сенің», «Сіз кімсіз?» атты өлендерін нақышына келтіріп орындады.