Денсаулық сақтау саласындағы 32 жылдық тәжірибесі бар терапевт, шымкенттік Ақмарал Жолдасбекова – «ҚР үздік денсаулық сақтау мамандары» кітабына енді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ақмарал Жолдасбекова - терапия мамандығы бойынша жоғарғы санатты маман бастаған. Тәжірибелі дәрігер – қазіргі таңда №2 қалалық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісі.
Ақмарал Амангелдіқызы елімізде коронавирус инфекциясының өршіген тұсында алғы шепте жүрген маман. Бірнеше рет қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының және аурухана Бас дәрігерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
2020 жылы Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатын алған.