Ақтас-2 шағынауданында ауыз су мәселесі шешіледі

Ақтас-2 шағынауданында ауыз су мәселесі шешіледі

Абай ауданына қарасты Ақтас-2 шағынауданы ауыз суын тасымалды тұтынатын шағынаудандар қатарында. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылы мердігер мекеме «Алтын констракшн» тарапынан құрылыс жұмысы басталған.

Бүгінде ұзындығы 50,9 шақырымды құрайтын ауыз су құбырынң 87 пайызы орнатылды. Құрылыс жұмысы толығымен қараша айында аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде жыл соңына дейін Ақтас-2 шағын ауданындағы 1222 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады.

Айта өтсек, қала тұрғындарының 95,6 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында бұл жылы 14 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін ауыз суы тасымалды 7 елді мекен (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас) және кестемен берілетін 2 елдімекенде (Жаңаталап, Сауле) ауыз су мәселесі шешілетін болады. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін ауыз суы тасымалды болып келген елдімекендердің мәселесі толығымен шешіліп, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға өседі.