Абай ауданына қарасты Ақтас шағын ауданы 437,1 гектер аумаққа орналасқан. Қазір онда 2 578 отбасы мекендейді.
Елді мекенде жайлы ортаны қалыптастыру және инженерлік инфрақұрылыммен қамту бағыты қала әкімінің бақылауында.
Шағын аудан ауыз сумен толық қамтылған.
100% мемлекеттік жүйедегі сапалы электр тартылған.
Табиғи газбен қамту үшін бүгінде құрылыс жұмыстарын «Ремстрой» ЖШС жүргізуде. Пайдалануға беру мерізімі 2022 жылдың соңына жоспарланған.
18 көше бар. Оның 3-і асфальт, 10 тас жол, және 5-і топырақ жол.
2021 жылы 2,8 шақырымға шағал тас төселген.
Биыл атауы жоқ №3 және №4 көше орташа жөндеуден өтеді.
2021 жылы 1 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.
Қазір №147 бағыттағы қоғамдық көлік қатынайды.