Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімділік – асыл қасиет» атты акватерапиялық іс-шара өтті. Alpen park демалыс аймағында өткен кезекті терапияға жалпы 35 бала қатысты. Жастар ресурстық орталығының психологтары балалардың көңілін көтеріп, негативті ойлардан арылуына жағдай жасады.
Жастар ресурстық орталығы қаланың дағдарыс орталықтарының тәрбиеленушілері, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына психологиялық көмек беру мақсатында әр айда арнайы іс-шаралар өткізеді. Жаз маусымында акватерапия іс-шарасы жоспарланған.
Жастар ресурстық орталығы психология бөлімінің басшысы Айгүл Қанатқызының айуынша, бұл іс-шараның маңызы зор. Акватерапия балалардың өсіп, жетілуіне өте пайдалы.
Кезекті терапия барысында балалар суға түсіп, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері жасөспірімдерді суға жүзуге үйретті. Іс-шараға кәсіпкерлер, ҮЕҰ өкілдері демеушілік етті.
«Шымкент келбеті»