Шымкентте пилоттық жоба аясында орталық көшелердің бірінде «Ақылды аялдама» орнатылады, -деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жоба IDC компаниясымен бірлесе жеке инвестор есебінен жүзеге асырылады. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы мәлімдеді.
Көлік саласын цифрландыру бағытындағы жұмысты жандандыру шеңберінде қолған алынған. Аялдаманың сыртында LED экран орнатылады. Онда кез келген жарнама немесе қоғамдық көліктердің қозғалысын жария етуге мүмкіндік бар.
Цифрлы аялдаманың тағы бір ерекшелігі қыс мезігілінде аялдама ішінде температурасы 20 градустан жоғары болса, жаз мезгілінде желдеткіш жұмыс істейді.