Ақылды газ талдайтын құрылғы 3 адамның өмірін сақтап қалды

Ақылды газ талдайтын құрылғы 3 адамның өмірін сақтап қалды

Шымкентте тұрғын үйлердің бірінде газ талдағыш құрылғысы 3 адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Оқиға 7 наурыз күні кешкі сағат 19:30-да орын алған. Қалалық «Интергаз Центральная Азия» АҚ-ның мамандары тексеру барысында улы газдың мөлшері 0,3 пайызға шамадан тыс болғандығын анықтаған. Ол үй ішінде орнатылған тас пештің кранынан газ шығуының себебінен екені анықталды.

Оқыс жағдай кезінде үйде анасы мен екі баласы болған. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, қаладағы 30 мыңға тарта тұрғын үй осындай ақылды газ талдайтын құрылғы орнатуды қажет етеді.

Айта кетейік, 2021 жылдың басында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен пилоттық режимде қала аумағындағы 10 тұрғын үйге және №6 емханаға ақылды газ талдайтын арнайы құрылғы орнатылған болатын.