ҚР Автомобиль жолдары комитетi автокөлік жолдарының ақылы учаскелерінде ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге жеңілдік қарастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр.
«Заң қабылданып, күшіне енсе, ардагерлер «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына жүгініп, ақылы жолдарда жеңілдікпен жүру жайын анықтай алады.Ол үшін qaj.кz сайтындағы QAJ24 ашық желісі арқылы немесе байланыс орталығының 1403 нөміріне хабарласып, білуге болады», – деді министрліктiң Автомобиль жолдары комитетiнің төрағасы Сайранбек Бармақов.⠀
Оның мәліметінше, көлік туралы жаңа заң биыл күшіне енеді. Заңның қабылдануы жөніндегі ақпарат ИИДМ ресми интернет-ресурсында жарияланады.
«Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығы Ауған ардагерлері үшін теміржол қатынасына да жеңілдіктерге қол жеткізуге сұрау салып отыр.
Бұған дейін біз еліміздегі маңызды автобандардың ақылы болатыны туралы жазғанбыз.
Айта кетейік, 2020 жылы 6 мамырда Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Ардагерлер туралы» заң қабылданған болатын.