Алексей Цой QazCovid-In - Қазақстандық вакцинасын күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ол QazCovid-In - қазақстандық вакцинасының клиникалық сынақтарының соңғы кезеңі жүріп жатқанын айтты.
- Бұл - инактивті вакцина, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдері біздің ерекше бақылауымызда. Денсаулық сақтау министрі ретінде мен қазақстандық вакцинаны қолданғым келді. Ол өндіріске шыққан кезде оны алғашқылардың бірі болып ектіремін, - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстан ресейлік Sputnik V вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқанын бастап кетті. Денсаулық сақтау вице-министрлері мен санитарлық дәрігерлер вакцина салдырып үлгерді. Жалпы, қазірдің өзінде 13 301 медицина қызметкері екпе алды.