«Аналар – дәстүрімнің бал қаймағы»

«Аналар – дәстүрімнің бал қаймағы»

Бүгін Қаратау аудандық ардегерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Аналар –дәстүрімнің бал қаймағы» атты аудандық аналар байқауы өтті.

Бастаманың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазіргі қазақ анасының бейнесін қалыптастыру, ұлттық дәстүрімізді, салтымызды жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Рақымберді Жанысбекұлы өнерлі аналарға сәттілік тіледі.

–Ұлттық құндылық – халқымыздың басты байлығы. Оны өскелең ұрпақ санасына сіңіру – сіз бен біздің басты парызымыз. Оның ішінде, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау міндетіміз. Қазіргі қоғамда нағыз қазақ анасының бейнесін қалыптастыру, қазақ қыздарына ұлт құндылықтарын дәріптеу арқылы біз өз құндылықтарымызды өркендетуге үлес қоса аламыз, -деді өз сөзінде аудан әкімі.

Жалпы байқауда аналар ережеге сәйкес 4 кезең бойынша сынға түсті. Қорытындысында барлық қатысушы аналар арнайы номинациялармен марапатталып, аудан әкімінің сыйлықтарын иемденді.

Жалпы байқау нәтижесімен «Парасатты Ана» номинациясымен – Талиға Төлепова, «Асыл Ана» номинациясымен - Зерхан Нұрымова, «Ақ Ана» номинациясымен - Ақмарал Жұмабаева марапатталса, «Дана Ана» номинациясының иегері атанған Болсынай Исмаилова байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.