Ардагер журналист Оңғар Тәжиев – 75 жаста

Ардагер журналист Оңғар Тәжиев – 75 жаста

Бүгін ардагер журналист, «Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы Тәжиев Оңғар Ізбасарұлы 75 жасқа толып отыр. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаламы жүйрік, ардагер журналисті қала әкімінің атынан мерейлі мерекесімен арнайы құттықтады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Оңғар Ізбасарұлы – өзінің мазмұнды мақалаларымен, тыңнан түрен салатын тақырыптарымен оқырманның көңілінен шығып жүрген, көпшілік ұлт жанашыры ретінде де жоғары бағалайтын журналист.

75 жасты өз биігінде қарсы алып отырған өткір ойлы, орақ тілді журналистің аталмыш саладағы еңбегі елеусіз. Ол оңтүстік өңірінің журналистика мектебін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.

Жылы кездесуде Шыңғыс Жұмабекұлы ардагер тілшіні мерейлі жасымен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыстар тіледі.